lat: Alasa, tapal, tápeltek, taıpaq, talpaq, myrtyq, pós, qortyq, tyrbyq, maqar, bákene, myrtese, baqaltaq, jatagan, mástek, byrtyq, táshtek, sháltik, myqyr, shargy, myrtıǵan, tápene, myryq.
Биік емес, ұзын емес, тырбиған, кішірек.
Ыбырай ұста кемпірімен екеуі бір аласа шым үйде тұратын (С. Сейфуллин).
Ауыз үйдегі дөңгелек тапал столға дастарқан жайылды (Н. Серғалиев).
Қаперімде түк жоқ, кабинетімде отыр едім, бір тәпелтек кісі кіріп келді (Ә. Нүршайықов).
Үндемей кіріп келдің, тайпаң қара, өзің қандай, мен қандай байқап қара (Жамбыл).
Жұманның қасында өзіне тартпаған талпақ қара баласы бар екен (М.Әуезов).
Ол мыртықты біліп қайтесің, есімін атауға түрмайгын бір жасық, - деп қолын бір-ақ сілтеді (К. Тоқаев).
Мамалап жылап терезеге барып еді, пәс салынған пәкене үйдің терезесінен қызыл ай үңіле қарап тұр екен (Ә. Тарази).
Дүйсенбайдың баласы да Бибажарға тең емес, бір қортық көрінеді (С. Сейфуллин).
Жатаған тырбық селеусіндер арасынан жалт еткен барақ жүндес қозыдай ор қояндары көрініп қалды (С. Әлжіков).
Жәпекеңнің соқасын мақар өгіздер мықшия тартып барады (З.Иманбаев).
Ол өзі бәкене келген, кішкене бітік көзі ежірейген, семіз сары жігіт болатын (Т. Ахтанов).
Жоғал, ақымақ мыртесе - деген аудармада жазушы тағы бір сөзді тірілтті (М. Әлімбаев).
Әбдіш екен, жанында бақалтақ келген біреуі бар (Б.Майлин).
Жатаган келген жарау аттар сүліктей созылып, керіле құлаштап барады (Ғ.Мүсірепов).
Сатанға аяғынан алдырып, Әбіш әлгі арбиған мәстекке азар мінді (I. Жансүгіров).
Быртық денелі қара жігіт мөжілістің аяқталуын манадан шыдамсыздана күтіп отырса керек (Қ.Ыдырысов).
Апырай, өздері бірінен- бірі аусайшы, өңкей қысық көз, қайыстай катқан тәштек қаралар (Қ. Жұмаділов).
Күрессе егер, көрер ем бұл шәлтіктің күшін, - деп тұрды орнынан ол әрең (С.Қалиев).
Дөңгеленген жирен мұрты бар мықыр шалдан бір қарыстай ұзын Ғайни кетіп барады (О. Бөкеев).
Бойың шарғы болған соң, парадтың соңы боп өтетініңе өкініп отырмын (Т. Бигелдинов).
Бір етігінің қонышын қайырмаған мыртиған қара жігіт жұрттың айғай-шуына қарамай, тракторды жылжыта бастады (Т. Нұрмағамбетов).
Қоян жарысқа мұз бел тәпене бойлылар мықты келеді (Б.Әбдіразақов).
Мырық Махмұд, мимырт Махмұд, - деп кемсітіп жүретін бай ағайынына етікшінің ішінде ескі кіжілі бар (Б. Аманшин).