Дао

lat: Dao

(қытайша -ол") - қытай пәлсапасының ең басты ұғымы. Дао дегеніміз бүкіл әлемнің һәм әрбір заттың дам? заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы, Дао әрбір қайталанбас сәттің әрі мен нәрі. Дао сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық, жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Дао арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни, өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, сонсоң шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Даоға қайтып, содан жаңа туылады. Б.з.д.-IV ғғ. Лao Цзы, Чжуан Цзы, Ле Цзы еңбектерінде баяндалып кейін конфуцийшыл және чань буддашыл ілімдер арқылы дамыған Дао туралы ілімге қытай мәдениетінің барлық пәлсапалық, діни, саяси, эстетикалық иірімдсрі өрілді. Авторлығы Лао Цзыта телінетін Дао-Дэ-Цзин (Дао мен Дэ туралы кітап) заманынан бері Дао туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық. Лао Цзы бойынша, Дао мәңгілік, негізсіздік, қуыс, кұрдым сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ, Даоның этикалық көрінісі ретінде, адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым қатынасып табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы зандылықтар бойынша, Дао мен Дэ "цзы жань" -табиғилық, және-вэй" әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Дао ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше Дао рәсімге де, ырымға да жатпайды. Таратып айтқанда, адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.