Қасиетті

lat: Qasıetti

(лат. Sacrum - қасиетті) - барлық аса киелі құндылыққа, мінәжатқа жататын нәрселер. Теологияда қасиетті дегеніміз Құдайға бағынышты болу. Қажеттінің символы ретінде қажеттеу рәсімі көрінеді, яғни күнделікті тіршілікке тәңірілік, трансцендентті мағына беретін рәсім. Қасиетті дәстүрдің және қажеттеудің өміршең жүйесінің арқасында дін, немесе, идея, қоғамның барлық кеңістігіне тарап, әлеуметтік топтар мен қатар барлық буындарды біріктіреді. Таңдаулы объект қасиеттелген кезде қоғам нақты болмыстан гөрі, оның шынайлығына көбірек сенеді. Сондықтан қасиеттеу рәсімін идеологияның ең басты құрымы деп санауға болады.