Эпос

lat: Epos

дәстүрлі танымның жыр-дастан нұсқасы,ауызша жыр айту рәсімі. Эпостық суреттеу тәсілі жыраулық поэзияның тәсілдеріне ұқсас. Айырмасы, эпостық жырдың көлемі өте ауқымды болады. Жыр, мысалы, Манас жыры сияқты белгілі каһарманның өміріне құрылып, кейін оның тұқымын қуалар кетуі мүмкін. Егер Қырымның қырық батыры деген қазақ жырын алсақ, онда тұтас бір дәуірдің ұрпақ ауысу арқылы жырланғанын көреміз. Сонымен қатар эпостық жырда қиял-ғажайып ертегіге ұқсас құбылыстар кездеседі: батырлар суға салса батпайды, отқа түссе, күймейді. Батырдың аты да, қаруы да, әйелі де киелі. Әсіресе, батырдың аты мен әйелі оның ақылы мен икемділігінің бейнесі іспетті. Осы қасиеттері арқылы эпостық жырды жыраулық поэзиядан айыруға болады.