Эрос

lat: Eros

ежелгі грек нанымында махаббат құдайы, Платон философиясында екі мағынаға не. Біріншіден, эрос тәңірлік махаббатқа жетелейтін рухани ұмтылыс (биік Эрос), екіншіден, жыныс сезімі (төмен Эрос). Платонның айтуынша, мифологиядағы Эрос - Порос (байлық) пен Пенияның (кедейлік) баласы. Махаббат сезімі кедей, өйткені өзінде жоқ нәрсені көксейді, - махаббат буырқанысы осыдан туындайды. Солай бола тұра, ол ішкі сезіміне байланысты бай және бақытты.