ауқатты

lat: aýqatty

әлді, қуатты, дәулетті.

Бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең, бек боласын, бүйтсең, көп боласың, бүйтсең, кек аласың деп ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр (Абай).

Өсірген төрт түліктен он тоғыз мың,

Ауқатты, шат тұрмыста колхозшылар (Дүйсенғали).

Ауқатты таптардың мүддесін қорғайтын феодалдық ислам мемлекеті құрылды (X. Ақназаров).