жиһаз

lat: jıhaz

1) барлық керекті заттар. жабдықтар. 2) қыздың жасауы, жасау мүлкі. 3) аппарат, аспап, құрал, қондыргыш. 4) жүйе.

Алтын белдік бел сәні,

Асыл жиһаз ел сәні (мақал).

Баладан, мал мен жиһаз болмас пайда,

Қазір біз тексерусіз жүреміз жайға (Әріп).

Бұл үйдің ішінде ешқандай жиһаз да жоқ (М. Иманжанов).