қасиет

lat: qasıet

1) өзгешелік, ерекше белгісі. 2) ауыс. жақсылық, адамгершілік, ар-абырой, қадір, құрмет.

Қан жүректі қайғылы-ау,

Қайрыла кет сен маған.

Қасиетін ойлан-ау,

Қам көңілдің тынбаған (Абай).

Тар заман құрсауында өтсе де өмір,

Адамдық қасиетке жастан жармас!

Мәз болмай азды күнгі күнкеріске,

Есіңе ал келешекті, жора-жолдас! (Шораяқтың Омары).