хатшылық

lat: hatshylyq

хат жазушылық, кеңсе ісін жүргізушілік. Омар Шипин 1916 жылғы Аманкелді басқарған ұлт-азаттық көтерілісіне қатынасушылардың бірі, сарбаздарды азық-түлік, қару-жарақпен жабдықтау ісін басқарушы, көтерілісшілер штабының хатшылық қызметін атқарушы («ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ»). Бұл сапардың хатшылығына меркіттердің Хара-Хото қаласынан келіп қосылған (Д. Досжанов).