қателесу

lat: qatelesý

қате жіберу, шатасу.

Қателескеннен қатені түзетпеген жаман (мақал).

Кейде мамандық таңдауда жастар қателеседі... мүмкін, мен де қате түскен болармын (С. Шәймерденов).

Ақын өзінің адасқанын айқын түсінді. Шынында, Сұлтанмахмұт өзінің қателескенін мұнан бұрынырақ сезе бастаған еді (Б. Кенжебаев).