Қогамдағы қалыптасқан этикалық тәртіпті бұлжытпай орындаушылық, өнегелік, ізетілілік. Кенжекей бұны бейтаныс келіншектің әдептілігіндей көріп, бір көргеннен іш тартьш калды (Ә. Нүрпейісов). Өзінің сырт көркімен де, жарасымды ибадаттылығымен де Кәмшат оған еліктірген әсер қалдырды («Жұлдыз»), Үй иесі аса бір ыстық инабаттылықпен маған бір пияла шай ұсынды (Т. Бердияров). Айнұр үлкен кісі алдында ізеттілікпен қүрмет көрсетіп, түрегелген бойы тұрып қалды (Е.Мырзахметов). Сыпайыгершілігі мол Айбас бүл сапар үндемей қалуды қолайсыз көрді (Р. Райымқүлов). Ол аға алдында сыпайылық сақтап, жылы шыраймен күліп тұрады (Т. Құрманғалиев). Мінезінің сынықтығына қарамастан, ол кезі келгенде қатал да, талапты да қоя біледі (Ә. Әбішев). Инженер жігіттің өн бойынан адамды өзіне еріксіз тартып түратын биязылық аңғарылады («Қаз. әдеб.») Сафураның жаққан отына жылынып отыра берсейші, - деп ол орынсыз бипаздықты бойына мін көретін сырдақ салтпен жорта тойтарып тастады (Р. Әбутөліпов). Олар үлкендердің алдында ибалық жасады ма, сөзге көп араласпады (Т. Ахтанов). Аяғын аңдап басып, төрағалар отырған жаққа ерекше бір ибалылықпен келе жатыр (Ф. Мыңжасарова). Қызметкерлерге мұндай ілтипаттылықтың үлгісін басқа ешкімнен ешқашан да кездестіргенім жоқ (М. Смағұлов). Ол өзінің ағасындай болып кеткен Әбекеңе әрдайым үлкен ілтипат, ізетшілдік көрсетеді (Ә. Жәмішев).