сәтсіздік

lat: sátsizdik

қолайсыздық.

Сәтсіздікке ұшырасаң жасыма,

Басыңа бақ дарыса, тасыма (мақал).

Алғашқы операциясының сәтсіздігі мен әкесінің табалауы мұңайтқан жас хирург Нәзипаны осыдан ширек ғасыр бұрын кеудесінде жау оғы қалған, ақыры, міне, содан қайтыс болған ақын Жұматтың «даусы» жігерлендіреді (Т. Баймолдаев).

Ол Тәнзияның тісін емдеп, өз өмірінен, ұлының семьясындағы сәтсіздіктен әңгіме айтып берді (А. Егеубаев).