Түрлі-түсті өрнек салып безендіру, сәнін келтіріп көріктендіру. Имам қалтасынан күміспен әшекейленген сүйек шақшаны суырып алды (3. Шашкин). Қолөнер жиһаздарыиың ішінде өрнектеп тұр салынған ши тоқушы қазақ әйелдері ерекше көзге түседі («Қазақст. әйелд.»). Заттарды қажетке жаратумен қатар мәнерлеу, оюлау, бедерлеп әдемілеу сияқты эстетикалық сезім де дамыды (С. Қасиманов). Ақ сүйектен нақыстап, жез шегені қаусырып қалай шебер қақты екен? (Ж. Сыздықов). Біз ұстамыз - темірден орнек өрген, нақыштаған болатты зер-бедермен (Қ. Бекхожин). Сүйектен оймыштаған төсек ағаштың алдында кемпір отыр (С. Бегалин). Тірісін ақбөкеннің бөстек қылған, Ақ киіз оюлатып сырмақ салған (И. Банзақов).Домбыра тоғыз ішекті тартқан баптап, Бедерлеп піл сүйегін қойған қаптап (Ө. Тұрманжанов). Алтынмен ішін безеген Сырты күміс ақ отау. Келістіріп түзеген Арттыруға сайланды (Қобыланды батыр). Ақ мәрмәр тастан оюлап сәндеген аппақ орданың алдында айбалта ұстаған сақшылар әрлі-берлі сенделіп жүр (О. Сәрсенбаев). Көркемдеп көргенін де жеткізе алмай, Кейде бір қиналады жаңа арманда (3. Шүкіров). Сәулетті қала, зәулім үй, Өсті білім, ой-сана, көк тіреген көп үйлер Әспеттелген астана (А. Тоқмағамбетов). Оюмен әлеміштеп отауларды торлаған туырлығын неше қабат (И. Байзақов). Үшеуі де етек-жеңін зерлеп тастаған қынама бел қамзол киген (Ө. Қанахин).