сәулетші

lat: sáýletshi

сәулет өнерімен шұғылданушы, сәулет өнерінің маманы. Сәулетшілер сыйы көп болмақ («Л. Ж»). Алматының оқтай түзу көшелері, сыңғырлап аққан арықтары, сырнайлы тау өзендері, биіктігі жиырма бес метрге дейін жететін жасыл жапырақты түзу ағаштары, сәулет өнерінің соңы жетістіктерімен салынған сұлу ғимараттары, талантты сәулетшілердің сан бедерлі өрнектері өзіндік өзгешелігі мол абат бояу, алуан ажармен кұбыла құлпырып көз тояттатады (П. Ерпилов).