АЗАМАТ

lat: AZAMAT

араб тіліндегі мағыналары: «айбындылық, ұлылық, адамгершілік», «абырой, намыс». Қазақ тілінде «кісі, адам, ер жігіт», «белгілі бір елдің тең құқықты адамы» (республика азаматы), «ата-анасына тәуелді емес, кәмелетке толған жігіт» (азамат адам), «адамгершілігі мол жан» (міне, азамат) деген ауыспалы мағыналарда қолданылады. Сонымен қатар осы сөзден жасалған «азаматтық» сөзі «адамның мемлекетке құқықтық қатысы» деген мағынаны білдіреді.