АЙТ

lat: AIT

діни мейрам. Айт мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ол жылына екі рет болады: ораза айт және құрбан айт. Ораза айт отыз күн ораза біткеннен кейін басталады, ал құрбан айт ораза айттан кейін жетпіс күннен соң болады. Құрбан айт күні айт намазынан кейін құрбандыққа мал шалынады.