АҚПАРАТ

lat: AQPARAT

мәлімет, хабар. Қазақ тілінде қоғамның барлық саласында кеңінен қолданылатын ұғым. «Адам не құрылғының көмегімен алынатын деректер», «компьютер жадында сақталатын мәліметтер», «белгілі бір нәрсе немесе құбылысты таңба не сигнал арқылы беретін белгілер», «қоршаған ортадан қабылданатын, сақталатын мағлұматтар» т.б. ұғымдарда кездеседі.