АҚЫЛ

lat: AQYL

«ұғу, түсіну, аңғару», «ес, сана, ой, зерде», «даналық». Қазақ тілінде «құнды пікір, пайдалы кеңес» (ақыл айту), «дұрыс шешім» (табылған ақыл), «адамды өзгелерден ерекшелеп тұратын қасиет» (ақылды) т.б. мағыналарда кеңінен қолданылады. Философиялық еңбектерде ақыл ұғымы бірнеше түрлерге бөлініп талданады (парасат, пайым, интеллектуалдық қабілет т.б.).