lat: Bar-joǵy, bas-aıaǵy, nebary, bar bolǵany, úzyn-yrǵasy, úzyn sany, aınalasy, aınaldyrǵany, bolǵan-bitkeni
Бір нәрсенің жалпы мөлшері, көлемі мен аумағы.
Қазақ тілі лексикалары бүтіндей бір жерге жиналып, бар-жоғы сөздікке алфавиттік тізіммен тізіліп, жинақталған да емес («Қазіргі қазақ тілі»).
Әлгі топ бас-аяғы жиналысымен келіп, Амангелді қабірі басына тоқтады («Лен. жас»).
Сүйеу қарттың ауылы небары бес-алты үй ғана (Ә. Нұрпейісов).
Республикада 1951 жылғы он бір айдың ішінде жоспарланған мыстың бар болғаны 87,3 пайызы ғана қорытылды («Соц. Қаз.»).
Ауылда ұзын-ырғасы жиырма шақты отбасын біріктіретін шаруа қожалығы ұйымдасып, екі-үш жылда ірі табысқа жетті («Жас Алаш»).
Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар - ұзын саны жиырма шақты ауыл (М. Әуезов).
Айналасы жарты сағаттың ішінде бас механик тез жеткен еді (С. Мұратбеков).
Айналдырғаны аудан бойынша қырық машина, қырық трактор болса, ол қайсысына жетеді? (С. Досымов).
Алтынбелі бұдан он жыл бұрын көргенде болған-біткені жаңа салынған үш-төрт-ақ үй бар еді (С. Омаров).