ҒАЛАМАТ

lat: ǴALAMAT

араб тіліндегі мағынасы «белгі, нышан». Қазақ тілінде «ғажайып, таңғаларлық, ерекше» деген ауыспалы мағыналарда беріледі. Қазақ фольклорлық жырларында «әлемет» нұсқасында келіп, «қиындық, ауыртпалық» ұғымында қолданылған.