Болдыру, шаршау, қажу, тұралау, талығу, қаржалу, қалжырау, итырықтау, өліп-өшу, өліп-талу, өліп-тірілу, титықтау, шалдығу, жүйкелеу, діңкелеу, шаңырқау, талу

lat: Boldyrý, sharshaý, qajý, túralaý, talyǵý, qarjalý, ıtyryq- taý, ólip-óshý, ólip-talý, ólip-tirilý, tıtyqtaý, shaldyǵý, júıke- leý, dińkeleý, shasyrqaý, talý.

Діңкесі құрып қиналу, әлі құру.

Оның өзі ырс-ырс етіп шаршап болдыруға айналды (О. Сәрсенбаев).

Шаршап келген, жәбірленіп келген Омарға үйге кір деп те айтқан жоқ (Ғ. Мүсірепов).

Биыл жылқышылардың өзінде күндіз-түні ұйқы жоқ, әкең де қажып жүр (Т. Дәуренбеков).

Екі қарт әбден қас қарайғанша қимылдағандықтан екеуі де тұралап шаршап жеткен еді (Ә. Қалдыбаев).

Көпке дейін ұйықтай алмай, талыққан кезде талып кетсем керек, у-шу дауысқа шошып ояна келдім (С. Мұқанов).

Бүған дейін қаржалып қалған аттар енді тіпті әлсізденіп, күймені мықшия, емірене тартты (С.Мұқанов).

Буына пісіп келе жатқан. Бауыршық әбден итырықтады кеп (Д. Досжанов).

Күн сайын ыдысымызды жеміске толтырып өліп-өшіп арқалай үйге кайтамыз («Лен. жас»).

Өліп-талып Айыртаудың шыңына шыққанымда, мен бүкіл дүниенің төбесінде тұрғандай сезіндім (Ә. Нұршайықов).

Шал мен Рым өліп- тірілгендеріне қарамай, құдықты арши бастады («Алғы шепте»).

Жер жыртып титықтағанда қызғалдақ теруге мұрша келмей, жығыла сүрінуші еді (Ш. Мұртазаев).

Шаршағанын, шалдыққанын ұмытып, Бексұлтан қайдасың деп, Әлімхан жүрісті тездетті (Ж. Жұмаханов).

Әбден жүйкелеп, зығырданы қайнап тұрған Шидүр бұдан арғыға шыдай алмады (Ә. Кекілбаев).

Бір кезде менің де әлім бітті, діңкелеп жүре алмауға айналдым (Б. Соқпақбаев).

Шаршап шаңырқайын дедім де, аздап тынығып алайын деп, бір топ жыңғылдың көлеңкесіне кеп қисая кеттім (Ө. Тұрманжанов).

Күні бойы бел жазбай жүмыс істеп, үйге келе талып жығылам («Парасат»).