ДЕСТЕ

lat: DESTE

парсы тіліндегі мағыналары «бума, байлам, орам», «топ», «бір бума масақ». Қазақ фольклорлық жырлары мен классикалық шығармаларында үш мағынасы да кеңінен қолданылған. Сонымен қатар жырларда «байлау, буу» және «топтау» мағыналарын білдіретін «дестелеу», «топ-топ» деген мағынадағы «десте-десте» сөздері де жиі кездеседі.