lat: Daýlasý, talasý, tartysý, aıtysý, úrysý, kerisý, kerildesý, salǵylasý, shólkemdesý, qyrqysý, qyrylysý, silkilesý, qarsy- lasý, tájikelesý, shataqtasý, janjaldasý, shańqyldasý, qarjasý, ekilesý
Бір мәселе жайында біреумен біреу сөзге келісу, ерегісу, байланысу.
Бірі көйтке таласып, бірі арам қып, Төбелескен, дауласқан жанжал керіс (Абай).
Ауданды Жаппасбай аулына көшіру туралы мәселе қаралғанда олар жік болып таласады (Б. Майлин).
Іргелі елмен тартысу қарашыға қайткенмен оңай жұмыс бола алмады (И. Байзақов).
Айтысқан соң дау емес пе, Алысқан соң жау емес пе? (Мақал).
Жоқ, айта көрмеңіз, әжем ұрысқан жаман болады деген (Қ.Әбдіқадіров).
Бұл бригадада істейтін жігіттердің бір-екеуімен шәлкемдесіп те қалғанмын («Білім және еңбек»).
Екі қатын ұрысар да керісер, керісер де келісер (Мақал).
Түпкі үйде дүрілдеген дауыс, керілдескен адамдар бір-біріне мұрындық бермейді (I. Жансүгіров).
Қалабай - түрлі жұмыста, жиналыста байларға қарсы шығып, салғылысып жүрген жігіт (Б. Майлин).
Тайлақ екеуміздің өстіп шәлкемдесіп қалатынымыз болады кейде (А. Хангелдин).
Патша үкіметінің көздеген мақсаты бір халық бұқарасын өзара араздастыруға, қырқыстыруға тырысып бақты (А. Нұрқанов).
Бәрі де карта құмар екен, кеше өзді-өзі бірін-бірі ұтып, қырылысып қала жаздады (С.Шәріпов).
Айшаны тұтқынға алды, бұдан кейін Әлиге Мағауиямен сілкілесуге тура келді (М.Тоқжігітов).
Именіп жүріп көрген игіліктен қарсыласып жүріп көрген қорлық артық (Б. Момышұлы).
Баламен тағы да біраз тәжікелесіп, ақырына келгенде, жөн сөзге көштік-ау! (С. Жүнісов).
Қасымбай інің неғып Жасұзақпен шатақтасып, шатысып жүр (Ғ.Сармұрзин).
Үйде Сәлім екеуі жанжалдасып, біреулер ажыратып араға түсті (Б. Қожабеков).
Атам заманғы аласысын даулап, шаңқылдасып кетті (Д. Досжанов).
Сөйлеген соң қаржасып, Сөзбен мен де сұлаттым, болмаса да ол жасық. Бір жігітті жылаттым (М. Әлімбаев).
Екі жақ екілесті бетпе-бет кеп, Қанға қан, жанға жан да, кекке кек деп (I. Мәмбетов).