КЕМПІРҚОСАҚ

lat: KEMPİRQOSAQ

жаңбырдан соң аспанда пайда болатын түрлі-түсті доға тәріздес жолақты құбылыс. Араб мифологиясы бойынша жарықтың құдайы Қузах күннің шығуына қарсы болған түнекпен шайқастан соң садағын аспанға іліп кеткен екен. Осыдан кейін жаңбырдан соң шығатын түрлі-түсті құбылыс қаус Қузах деп аталған. Яғни Қузахтың садағы. Ал қазақ мифологиясында мыстан кемпірдің жеті түсті қойы аспандағы шалғында жайылған екен. Жаңбыр жауып, күн шыққанда кемпір оларды қосақтап сауатын көрінеді. Сонда жердегі адам кемпірдің жеті түсті қосағын аспаннан көретін болған. Fалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, араб тіліндегі қаус Қузахтың дыбысталуы кемпірқосақ сөзіне жақын әрі беретін мағынасы бірдей болғандықтан сөздікке беруді жөн көрдік.