ДҮЙСЕНБІ

lat: DÚISENBİ

зат. Аптаның жексенбіден соң келетін біріниі күні. Итбайдың бір әдеті ұзақ сапарға «сәтті күн» деп таңдағаны д ү й с е н б і мен сәрсенбі күндері ғана болатын (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау). Бүгін үйге тараңдар. Д ү й с е н б і күні ерте сағат онда мектепте болыңдар (С.Бегалин, Мектеп.). Көретұғын түгі де жоқ сағаттан, д ү й с е н б і д е кешіктің бар сағаттан. Кен байлығын білмедің де Оралдың, Сейсенбіде сүмірейген бір алдың (Қ.Мырзалиев, Күміс.).