Құлығын ішіне бүккен, ізін білдірмейтін сұмырай. Әлде бұл сырттан жылтырап көрінген залым қатынның айласы ма? (К. Тоқаев). Жете алмай келе жатыр екен, әйтпесе зәлім атаулы мынаның қалтасынан аспайды-ау, - деп ойлады Тәшен (К. Оразалин). Жуасты мін де, айран іш, Жоқ немеге шатылма, ¥ры, залым, қуларға Нысанаға шаншылма (Абай). Қасындағы айлашыл алаяк, билер тобы Оразбайға еміне, исіне қарап қапты (М. Әуезов). Мәлібектің әлгі сайқал сұрағы жанына іштегі жатқан қорғасын оқтан бетер батты (М. Дүйсенов). Бөрідей бағып келіп қапты сені, кір көңіл көлгірсіген өңшең мыстан мезгілсіз қаза таптың жау қолынан (Қ. Аманжолов). Ол - бір қарағанда момақан көрінгенмен, барып тұрған сұм, залым адам (М. Жұмағұлов). Сұрқиялар мылтық даусын естісімен тоз-тоз болып, жан-жаққа жүгіре бастады (Ә. Шәріпов). Көпті білетін зымиян Тұрсынбайға дәлелсіз бас салып тиісуге Ушаков та іркіліп қалды (Ғ. Мүсірепов). Зұлым саудагер інісінің екі жолдасын Қаражанның өз қолымен атып өлтіргенін оған айтпайды (І.Есенберлин). Сұлуға сұмырайлар сұқтанғыш-ақ, жаяуды өліп-өшіп сырттан құшак (М. Әлімбаев). Мүсәпір-ау, өзің құдайдан безіп кеткен найсап екенсің ғой, - деді ол (Ә. Әбішев). Рияшыл жалған жыршыларды да, обыр Қадырбайды да бет-жүзіне қарамай түйредім (Жамбыл). Аяр Шөгел қай елге келсе де, кіммен сөйлессе де, ішке кіре біледі (Ғ. Мұстафин). Есіл жігіт-ай, сиқыр әйелдің мекерінен талай күйік тарттың-ау (Ш. Шалқаров). Бірақ ерген жолдастарының бәрі зәндем, бәрі залым, сен байғұсты бір-ақ күнде кып жүрмесін алым-салым (С. Дөнентаев). Айтылған сөзі екіұшты, көбейген аяр мүдәйі (Базар жырау). Өзара жанжалдасып қанға батқан, Ішінде тұрлі пітіне толып жатқан (С. Торайғыров).