ДҮКЕН

lat: DÚKEN

зат. 1. Түрлі бұйымдар сататын сауда орны. Алматының орталық көшелерінің біріндегі д ү к е н д е сіресіп тұрған бұйымдардың біріненірі өтеді (С.Омаров, Әңгім.). Соңғы күндерде колхозда кітап д ү к е н і ашылғалы жатыр дегеннен Мейрам да хабардар болатын (М.Иманжанов, Адам.). Д ү к е н толған кездеме. Ала бер, Айжан, ала бер! (Б.Майлин, Таңд.). Д ү к е н д е р д і аралап, қапшығымды азық-түлікке толтырамын дегенше сағат жеті болып қалыпты (Бәйшешек). 2. ауыс. Іске жұмылдыратын үлгілі орын, орта. Қазақстан -дәулеті Қарағанды д ү к е н і. Қарағанды одақтың д ү к е н і н і ң үлкені (І.Жансүгіров, Шығ.). Социалистік жарыстың д ү к е н і қызып, еңбектің өнімі артады. Николайдың өлкеге атағы жайыиыіп, абыройы көтеріледі (Е.Дүйсенбеков, Атақты.). Қыздырып еңбек д ү к е н і н Желпілдетіп жер бетін, Жемістен шашу шашамыз (Жамбыіл, Шығ.).