ДҮКЕН

lat: DÚKEN

зат. Темір ұстасының жұмыс істейтін орны, қолдан темір согатын ұстахана. Д ү к е н д е темір соғып отырған Тастемірге бесінші класта оқитын баласы жүгіріп келді (С.Мұқанов, Таңд. шығ.). Ұста д ү к е н і н е н үздіксіз соғылған балға тықылы құлаққа келеді (С.Алдабергенов, Әңгім.). Уа, Бекболат, д ү к е н і ң д е бармысың? Ісімді соғып болдың ба? деп, бұл да ат үстінен дауыстады (С.Шарипов, Бекболат).