ДҮҢГІРШЕК

lat: DÚŃGİRSHEK

зат. өс. <лат. ІеntіbuІагіа-сеае> Судың тереңдеу жерінде қалқып жүретін бір және көпжылдық су өсімдігі. Насеком қоректі өсімдіктердің ішінде біздің еліміздің барлық территориясында дерлік түгел кең тараған түрі д ү ң г і р ш е к (Табиғаттану.). Судың тереңдеу жерінде жапырақтары қалқып жүретін су өсімдігіне ақ гүлді, сары гүлді д ү ң г і р ш і к т ер жатады (Ботаника.). Д ү ң г і р ш е к өзіне қажетті элементтерді (азот, фосфор, калий т.б.) жәндік денесінен алады. Маусым-тамыз айларында гүлдейді (ҚҰЭ). Оттегі онша көп болмайтын сияқты судағы балықтардың аквариумда жақсы өсуі үшін д ү ң г і р ш е к, көнбіс, жебежа-пырақ, қосалақан, бақаоты тәрізді өсімдіктерді аквариумға егудің пайдасы зор (Ботаника).