ДІЛМАРЛЫҚ

lat: DİLMARLYQ

зат. 1. жағымды. Ділмар болушылық, сөзге жүйріктік, шешендік, тілмарлық. Сылдырыңнан д і л м а р л ы қ сезінемін, Сезіміне сан түрлі сыр ұқтырған. Туған жердің сен титтей көзі ме едің, Шараңа барлық әлем тұнып тұрған (Қ.Бұғыбаева, Жыр мен жүрек). 2. ауыс. жағымсыз. Сөзуарлық, керауыздық, мәнсіз сөз қуушылық. Біреудііреу тоспай сөйлейтін д і л м а р л ы қ енді басталды. Білгірліктің тиегі ағытыла жөнелді (С.Талжанов, Адам тур.). Жөнсіз д і л м а р л ы қ адам мінезіндегі ұнамсыз сипат («Қазақст. әйелдері»). Әйтсе де, ділмар адамның әу бастан сөзге ебі бар болғандықтан, өзінің бұл қабілетін дұрыс бағытта дамытып, сөздің дәмін ойдың дәнімен толықтыруды үйренсе, д і л м а р л ы қ шешендік қасиетке ұласуы да ғажап емес (ҚҰЭ).