ДІНИ

lat: DİNI

сын. Дінге тән, дін тұргысынан. Д і н и кітаптар мен мифтер халықтың есінде қалған мәліметтерді өз бойына жинап, болған ақиқат оқиғалар елесін береді (Шарапат). О кезде Екібастұзда молдалар сабақ беретін жеті д і н и мектеп болған еді (Жарық жұлдыздар). Інжіл, Құран т.б. д і н и кітаптарда латын, грек, ескі славян, араб тілдері сақталып, осыларға қоса д і н и философия, мантық (логика) әптиек, иман шарттар оқулық ретінде пайда болды (Ислам энцик.). Қырқа үстінде бүкіл қазақ жері мен Түркістанға д і н и ғылымның ошағы болған, қалың мәуе ағашына бөленген көп құжыралы Қарнақ медресесі тұр (І.Есенберлин, Қатерлі).