Е

lat: E

зат. 1. Тіл мен иектің сәл төмен түсіп, жақтың тар ашылуы арқылы жасалатын жіңішке дауысты дыбыс, фонема. Е -тілдің қалпы жағынан тіл алды, ерін қатысы жағынан езулік дыбыс (Қазіргі қаз. тілі). Е сөздің барлық буындарында кездесіп, жиі ұшырап отырады. Ол түбірде де, қосымшаларда да келе береді ( Қазіргі қаз. тілі). 2. Осы жіңішке дауысты дыбысты таңбалайтын әріп. Мысалы, я, ю, е әріптері сөз басында йа, йу, йә дыбыстарының тіркесінің таңбалары ретінде жұмсалады (К.Аханов, Тіл білімі.). 3. Реттеп санау жүйесінде 8-інші деген мағынаны білдіреді. Сенім хаттың күші мыналардың салдарынан жойылады: а) Сенім хаттың мерзімі өткендіктен; ә) сенім хатты беруші адам оны жойғандықтан;... е) өзінің атынан сенім хат берген заңды ұйымның қызметі жойылғандықтан (ҚазССР азаматтық кодексі).