Е

lat: E

о д. 1. Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылады.-Е, Мырқымбай, қалайсың, Есендік пе мал-жаның (Б.Майлин, Таңд. шығ.). -Е, балам, қалай, әкең әлі тың ба? (Қ.Бекхожин, Мариям.). Е, Алла, осы бергеніңе шүкір. Қартайғанымда қолымды қатарыма бір жеткіздің. Ендігі жақсылығыңды Сейітжанымнан аяма (Р.Райымқұлов, Түйелі адам). -Е, шеше, неге жылайсыз? (Қаз. ертег.). 2. Болған уақиғаның байыбына барғандықты, оны түсінгендікті білдіреді. Е, солай де, солай де! -Әділжан қайта-қайта басын изеді. -Ал мен ойлаушы едім ол екеуің қайтсеңдер де қосылатын шығар деп (Ә.Нұршайықов, Махаббат.). -Е-е, ұқтым сырыңды, бұдан бұрын үйіңнен арқан бойы ұзап жолаушы шықпаған пенде екенсің ғой (Н.Ғабдуллин, Өмір күйі). Неге бұл маған алғаш «Е, мүнда отыр екен ғой» дегендей қарады да, сонсоң мүлде теріс айналып кетті. Мұнысы қалай? деген сияқты ойда қалды Серікқали (Қ.Исабаев, Соңғы ерлік). 3. Мақұлдағандықты, ұқыптағандықты, қоштағандықты білдіреді. -Е, бәсе, баяғыдан осылай ойнау керек еді ғой! (М.Рашев, Бетің қисық.). -Е, бәсе, мен де солай ойлаған ем. Енді сенем (С.Алдабергенов, Ал-ға). -Е, өстіп бір, кеңеске келсеңші, бәрін өзің біле бермей (Ж.Тілеков, Жоңғар.). 4. Есіркегендікті, мүсіркегендікті, жаны ашығандықты білдіреді. -Е, байғұс, - деді Баян Қазыбектің сөзіне таңырқаған пішінмен, -отызға жетпестен кемпір атадың, алпыста не демексің? ( Ә.Әбішев, Замана.). -Е-е, алда байғұс-ай! Солай ма? Бәсе, қазаұтан аумайды, көзін қарашы! (С.Сейфуллин, Тар жол.). Сәлемін алды, шал да амандасты, Қасына жуық келіп жақындасты. Жат жердің адамы едім, е шырағым. Не харекет қыласың! - деп сұрасты (Абай, Тол. жин.). Е-е, біреуге мал, біреуге бас қайғы, қу заман-ай, - деп Балқия бір күңіреніп қойды (Ғ.Мұстафин, Шығ.). 5. Жақтырмағандықты, ұнатпағандықты білдіреді. -Е, жүр-дағы, жынды неме. Бүгін осында маза бермеген соң, әкең екеуміз қуып шыққанбыз (М.Әуезов, Абай жолы.). Тұрған жерлеріңіз қалай? Топырақ шығар? - деді. -Е, ауылдық жер ғой, - деп Сайлау сыпайы жауап қатты, -асфальт жоқ. Жел тұрса ептеп шаңытатыны болады («Жұлдыз»). -Е, ат шаптырып, жарақыланып жатқаның мына қояндай қозы ма? (Т.Жармағамбетов, Нәзік бұлттар). -Е, оңай болса, келіп шыға ғой, - деп Сәтжан Жанайға жартастың тіп-тік жалтыр текшесін көрсетті (С.Бегалин, Таңд. әңгім.). 6. Күдіктену, күмәндану, шүбәлануды білдіреді. -Е, мұның несі бар бізде? - деді Сатан келе жатқан Нұраділ мен Мәмбетке (І.Жансүгіров, Шығ.). Бұлар іштерінен: «Е, бұл қалай?»... десіп қалды (С.Сейфуллин, Шығ.). Дүрыс, е, ендеше, ел де, елу басы да түгел десеңші (М.Әуезов, Шығ.).