ЕДІ

lat: EDİ

ет. Е етістігінің өткен шақ (грамматикалық) формасы. Жұртымды келіп е д і м сағындым деп, Еліме сәлем беріп, табынғым кеп. Он үш жылда бір келсем, іш тартпадың, Көзімнен қанды жасты ағыздым кеп (Ақмолла ақын, Күндер.). Көп е д і мұсылманға назарыңыз, Күн сайын асты майдан, базарыңыз. Сарқыттан Ақмолланы бос қоймаңыз, Тасыды сіздің дәулет қазаныңыз (Ақмолла ақын, Күндер.). Тұтқындар құбыласы е д і -босағаңыз, Сөз рұлын білмегенге ұқсамаңыз. Жусаңыз, бір түскен кір кетпей қалмас, Қайраса, кетілген жер өтпей қалмас. «Әрбір зат асылына тартар» деген, Тат кетіп, болат қылыш өтпей қалмас (Ақмола ақын, Күндер.).