ЕКІ

lat: EKİ

с а н. 1. Бір мен үштік арасындагы есептік сан; бір мен бірдің қосындысы. Өзінің «Негіздер» кітабын кемелдендіру» аты еңбегінде ол бесінші постулатты дәлелдеу үшін жабық түрде мынадай ұйғарымға сүйенеді: егер екі түзу үшінші бір түзумен қиылысқанда осы түзулер арасындағы айқыш бұрыштар тең болса, ол е к і түзуді басқа бір түзу қиғанда да жағдай осылай болады (А.Көбесов, Математика). Бұрыштағы кәрнезді нар пештің қуысында қаз мойын жез шәугім; пештің алдында үлкен жез шылапшын. Төрдегі көлденең сырықта қызылала тек жайнамаз, е к і сүлгі (Ж.Аймауытов, Шығ.). Осы е к і әскердегі патша өкіметінің жұмысы қазақты әбден бағындырып алып, қазақты көпір қылып Азияға аттау болды. Қазақтың амалы таптайын деп түрған патша өкіметінен құтылу болды (Х.Досмұхамедұлы, Таңд.). 2. Белгілі бір сөздермен тіркесіп келіп мөлшер, өлшем, шама мәнін береді. Семіз екен. Ұлпа қазысы е к і елі! -десті әркімдер (С.Мұқанов, Шығ.). -Жазасы -е к і ауыз ән, ендеше! - деді Күлияағын пьеса). Сәукеле төбесінің биіктігі е к і сүйем, кейде одан да биік болады (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 3. Жұп, қос; пар. Қазақтікінен латын әрпінің артықшылығын көрсету үшін латыншылдар қит етсе айырпылан, аптамабел мен қазақтың екі аяқты арбасын салыстырады (М.Дулатов, Шығ.). Бұрқандансаң мүз жаудыр, Мұздай темір құрсандыр. Кел, кел, бұлт, кел бұлт! Е к і енеге тел бұлт! (С.Сейфуллин, Шығ.). Қиықтанып ай туды, Тәтті сырлар айтылды. Е к і ғашық елтіді -Үмытты үйге қайтуды (М.Әлімбаев, Шығ.). Аталатын Қыземшек, Е к і шоқы қаз-қатар. Алабыннан гүл терсек, Адыры сыр тыңдатар (Н.Көбенов, Дала). 4. п е д. Оқушылардыц біліміне қойылатын ең төменгі баға, балл. Сондай-ақ кафедра жетекшісі бізден тыңдаушыларға «е к і» деген баға қоймауға талап етті. Яғни е к і қоюға болмайтын тыңдаушыларға жататындар -жоғары лауазымдылардың балалары, інілері, тағы басқалар («Жас Алаш»). Оқудан да «е к і» екен, Есептен де «е к і» екен. Суреттен «бір» алыпты, Бағаға әбден жарыпты (С.Сейітов, Таңд.). Бітті айғай, бітті үрыс, Қылам енді нені дау? Отырғанда тьш-тыныш, Е к і алатын едім-ау! (Ж.Әбдірашев, Таңд.). Жас қанатың қатаяр да бекінер, Өзің болып батыл қара бетіне ел, Еңбекшіл бол, еріншектік жараспас, Дәптеріңе жоламасын е к і л е р (С.Сматаев, Алау).