ЕЛЕҢ

lat: ELEŃ

зат. Елеңдеушілік, алаңдаушылық. Сезілгендей жүрегінің е л е ң і, Құлағыма күлкісі де келеді. Келеді оның ұраны мен ызасы, «Түрмең шірік, түртсе, құлар» дегені (Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ.). Байқаймын, ақырындап күз келеді. Бітеді қайран жаздың ізгі е л е ң і. Кеткен жаз келмеймін деп қабақ түйді, Келген күз айтар екен бізге нені (Т.Молдағалиев, Шақырады.).