ЕМДІК

lat: EMDİK

сын. Ем боларлық, шипалық, дарулық. Жарықтық жылқы етінің иісі, дәмі өзгеше ғой! Е м д і к қасиеті қандай! (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ). Е м д і к суларға өзінің химиялық құрамы және физикалық жағынан арнаулы зерттеулер мен емдеу практикасы негізінде жасалған нормаларға сай келетін минералды сулар жатады (Шаңырақ энцикл.). Бірақ ол кезде мен дәрілердің е м д і к қасиетіне үңіле қоймайтынмын (К.Қазыбаев, Дәуір.). Дәрігерлер қауымы жүгері майының е м д і к сипатын анықтап отыр («Мәдениет және тұрмыс»).