ЕҢБЕКҚОР

lat: EŃBEKQOR

сын. Еңбексүйгіш, еңбекқой. Ол қарапайым, бір сөзді, е ң б е к қ о р, кез келгенге қол ұшын беріп көмектесуден шаршаған емес («Ана тілі»). Әр нәрсенің жолын біледі, е ң б е к қ о р, өнерге бейім. Өмір бойы ұлы махаббат иесін күтуге бар («Жас Алаш»). Е ң б е к қ о р, адал, жаның жай, Мінезің маған тартқанын, Ақылыңды айтып келіп тұр, Балаларды біліп тұр. Қалай жүріп жатқанын (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Сәбиттің әкесі Дөнентай кедей, е ң б е к қ о р, санасы ояу, шаруашылығына ұқыпты кісі болған (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы).