ЕРІК

lat: ERİK

зат. 1. Ықтияр, ырық, билік. Әйелде е р і к бар ма? Кім азғырса Соған құл. Қарлығаштан әзер болса, Шабардың екі-ақ қарасы артық шығар... Соған кетті көрермін біраз тұрса! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Біріне күш, біріне көрік берді, Көрікке құмар етіп е р і к берді, Атадан сол сияқты мирас қалды, Аяймын күшім жетсе енді немді (Шал ақын, Өлеңд.). Ере бердім мен артынан бір есер, Қарсы келіп е р к і м бар ма тіресер? Жел айдаған тұрағы жоқ қаңбақтай, Ағынымды дедім-дағы сай кесер (М.Дулатов, Шығ.). 2. Бостандық, теңдік, еріктілік. Е р і к -десе жүрек тулап, Қандай әйел қызбайтын (Б.Майлин, Шығ.). Бұл маған е р і к пен теңдік беретін дүние емес, ақша мен мал дүниесі (Ж.Саин, Жол үсті.). 3. п с и х. Адамның бойындағы психологиялық сезім, жігер, қайрат. Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің е р к і ң і з д і, сіздің мәдениетіңізді сезе алатындай болуы керек (Қ.Жарықбаев, Психология). Е р і кдамның өз қызметін және әртүрлі психикалық процестерді өзі детерминациялауынан және өз реттеуінен көрінетін қабілеті (Қаз. тілі термин. Психология.). Е р і к адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті, оның белгілі бір мақсатқа жету, ісрекетті орындап шығу жолында қиыншылықтарды белсенділікпен жеңе білуінен байқалатын ішкі қуаты (ҚҰЭ). 4. ауыс. Кеңшілік, мұрсатана. Ойланып шешулеріңе он күн е р і к беремін (Қаз. ертег.).