ЕРІК

lat: ERİK

ет. Іші пысу, зерігу. Ішпек, жемек, семірмек, есінемек, Е р і к к е н н е н жалшыға бос зекірмек, Бай ұрыспаған кезінде өзі ұрысқансып, «Олай емес, білмейсің, былай» -демек (Абай, Тол. жин.). Ел таңырқап балаға Батырлар түсті араға. Е р і г і п тұрған қалың ел. Еліртіп жатыр жана да. Ер Төстік сонда сөйледі (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Берекеге қас болса, Желіктірген айтаққа, арақ ішпей мас болса, ел тыныш болса азады, Е р і г і п өле жаздады (Абай, Тол. жин.). «Ердің малы елде, е р і к к е н д е қолда» (Абай, Тол. жин.). Күлімсіреп сілкін, көңілім, жабықпай, Шыда көніп ауырлыққа, талықпай. Еркін ойлап е р і г е т і н күн болар, Сыр көрсетпей, шық өткелден тарықпай (М.Дулатов, Шығ.). Менің қалаға баратын кісім жоқ. Қалаға барам, шөп сатам деп е р і г і п жүрген осындағы Нұрмақ қу (М.Дулатов, Шығ.). Жалынып жар-досыма жан қинасаң -Қылышын жарандардың серметейін! Е р і г і п ерегіске ие болып, Дегенің: «Азып-тозып кер кетейін» (О.Шораяқов, Шайыр). Хан ер і к с е, қара халық ханның ойыншығы болады (Мақал). // Іші пысқан, зеріккен адам. Е р і к к е н д е р д і ң жұмыс істеп жатқан адамның жанына жиналып, әңгіме соғатын әдеті ғой (Б. Майлин, Шығ.). Колхоздікі сұраусыз дүние емес, е р і к к е н г е ойрандатып қойып отыра алмаймын (Т.Нұртазин, Мұрат).