ЕРІКТІ

lat: ERİKTİ

сын. Өз еркі өзінде, ықтиярлы; құқылы, тәуелсіз. Мен қазақпын азат қыз, е р і к т і ұлмын, жер бетінде Антейден берік тұрмын (Ж.Молдағалиев, Шығ.). Сен де еліңе жеткенше ғана е р і к т і батырсың, еліңе барғасын сен де еркіңнен айырыласың: не байдың, не бидің сойылы болып қаласың (Ғ.Мүсірепов, Өмір.). // Күштеусіз, зорлықсыз әскери болған адам. Мен Бұл патриот е р і к т і л е р д і әскери киіммен, сонымен қатар әйелдерге тән келісті киіммен киіндіруді өтінбекпін (Б.Момышұлы, Біздің генерал). Осы кезде Верныйда Емелевтің е р і к т і л е р і н е н құралған жаяу әскер полкы тұратын (Қ.Әміров, Өшп. жүлдыз.). Сөйтіп Отаннаның шақыруын күтпей-ақ е р і к т і л е р қатарында майданға аттанды («Қазақст. мұғ.»).