ЕРІКТІК

lat: ERİKTİK

сын. п с и х. Ерікке тән, ерікке қажетті. Сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен ұрының жылпос «пысықтығын» мінездің е р і к т і к сапаларына кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді (Қ.Жарықбаев, Психология). Е р і к т і к реттеудің дамуы, ең алдымен, бай мотивациялық мағыналық саланың, адамның орнықты дүниетанымы мен сенімдерінің қалыптасуымен, сондай-ақ ісрекеттің ерекше жағдаяттарында еріктік күш-жігерге қабілеттіліктің қалыптасуымен байланысты (Қаз. тілі термин. Психология.). Е р і к т і к реттеу ырықты реттеудің тұлғалы деңгейі ретінде көрінеді, бұлардың айырмашылығы -еріктік реттеу туралы шешім тұлғадан шығады және реттеу кезінде тұлғалық құралдар пайдаланады (Қаз. тілі термин. Психология.).