ЕРІН

lat: ERİN

зат. 1. Ауыздың астыңғы және үстіңгі екі жак жиегі. Тілде сүйек, е р і н д е жиек бар ма? Шымылдық боп, көрсетпес шыңның жүзін (Абай, Тол. жин.). Кірсіз тіс, жүқа е р і н, сөзге епті, Ақылмен білім сөйлер әрбір текте. Жасы менен денесі таласа өсіп, Құрмадай кәміл піскен көз жетті (С.Торайғыров, Шығ.). Аузын ашып қалғанда «ай десе аузы бар, күн десе көзі бар», қасы қиылған, аузы оймақтай, е р н і жұп-жұқа, белі құмырсқаның беліндей нәп-нәзік, орта бойлы бір қыз шыға келді (Қаз. ертег.). Екінші айдың аяғыңда, үшінші айда бала дауысты дыбыстарға біртеірте дауыссыз дыбыстар да қоса бастайды. Ең алғаш е р і н м е н айтылатын дауыссыз дыбыстарды қосады (М.Жұмабаев, Шығ.). 2. ауыс. Ауыз. Мүсәпір е р н і н кемсеңдетіп, сақалын желк-желк еткізді (Ә.Әбішев, Армансыз.). Сәлем орнына е р н і н күбір еткізді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).