ЕРІН

lat: ERİN

ет. Мойны жар бермеу, жалқаулану, кежірлену. Кербездерің керіліп, Басуға аяқ е р і н і п; Шешенің судай төгіліп, Тыңдаушың бордай егіліп, Өз-өзіңнен іскенсің (Дулат Бабатайұлы, Замана). Кішкентай күнімнен шаруа істеуге е р і н б е й т і н едім (Ә.Нұршайықов, Алтын.). Жігіттерге журнал, газет, өлең кітаптарды оқып, өз білгенін айтып отыруға е р і н б е й т і н еді (І.Жансүгіров, Шығ.).