ЕСЕПШОТ

lat: ESEPSHOT

зат. Он-оннан жүздей домалақ тасы бар, бір нәрсенің санын алыпосып анықтауға арналған аспап. Мұғалима е с е п-ш о т т ы ң қасында әртүрлі есепті шотқа қағып көрсетіп тұр (С.Сейфуллин, Әңгім.). Әсіресе көп жылдан бері есеп-қисап саласында істеп жүрген орынбасардың е с е п ш о т қағуы мүлде бөлек (М.Есламғалиев, Екінші тыныс). Е с е п ш о т т ы ң он домалақ тасы ұрсын, Он баламның көзінің жасы ұрсын, Әкемнің ақ сақалы ұрсын (О.Иманалиев, Соқырішек).