ЕСКЕРТПЕ

lat: ESKERTPE

зат. 1. Кеткен олқылық, кемістік туралы сын. Бүгінгі күннің талап биігінен қарасақ журналда жарияланып жатқан шығармалар мен сын материалдарына айтылар е с к е р т п е л е р аз емес (С.Мәуленов, Үркер.). Қазақстан Жазушылар одағының бір мәжілісінде «Қазақ әдебиеті» газетінің жұмысы талқыланып, газет атына сын, е с к е р т п е л е р көбірек айтылып жатты (Р.Бердібаев, Достық.). 2. Алдын ала есіне салып қоюшылық, ескертушілік. Алдыңғы жолдарда «Кім қолына тисе де бұл хат Асқарға табыс етілсін» деген е с к е р т п е с і бар екен (Х.Рахимов, Қызғалдақ). 2. р е с м и. Ұйым, басшы тарапынан берілетін жеңіл тәртіптік жаза. Штаб бастығынан е с к е р т п е алған партизандар сөздерін су сепкендей тыйды (Т.Жанкелдин, Партизан). Мекеме жиналысында е с к е р т п е алғасын, Көбек әке ақылын тыңдап, қарқынын тежеп, кәдімгідей байсалды қалыпқа түскен (Ердің даңқы.). 4. сөйл. Үнемі еске түсіріп, салып тұру үшін жасалған белгі. Шынында да, кеш болмай-ақ машина жүретін жолдың дөңнен шыға беріс жеріне дөңгелек қаңылтырға күлімдеген бала суреті мен әдемі жазылған сақтандырғыш сөзі бар е с к е р т п е орнатылып та қойылды (Е.Қонарбаев, Түнгі от). Аққан тер, төгілген қан еш кетпесін, Дүние жаңғырмасын атқан оқпен. Мен болсам, болашаққа е с к е р т п е үшін -Күзетте мәңгі қалдым автоматпен! (Н.Шакенов, Толқын.). 5. Теріс, жағымсыз іске білдірілген қарсылық, наразылық қайталанбасын, доғарылсын деген қатал ниеттен туған әрекет. «Ақсақ құлан» күшті жанға көңіл айту емес, халық атынан айтылған е с к е р т п е еді (І.Омаров, Шабыт шалқары).