ЕТІК

lat: ETİK

зат. Былғары не резинка сияқты материалдардан тігілетін қонышты аяқкиім. Қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі е т і к болғандықтан, былғарыны өңдеумен көп айналысқан (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері.). Ескі е т і г і н і ң қонышын бастап кию үшін әркімнің тігінінен қалдырған жамаулығы жетпей қалып, азғана қайыс сұрап кел деп Раушанды Кемелбайдікіне жұмсаған (Б.Майлин, Әңгім.). Бұл е т і к өте жұмсақ былғарыдан әшекейлеп тігілетіндіктен шығыс әйелдері сәнге киетін (С.Бегалин, Шоқан асу.). Е т і к адамның жас, жыныс ерекшелігі мен жыл мезгілдеріне қарай түрліше тігіледі («Жас Алаш»).