ЖАҒАЖАЙ

lat: JAǴAJAI

зат. 1. Су жағалауының, су толқындары әсерінен болып тұратын, жылжымалы майда тастар, құмдар мен ұлутастар жиынтығы кездесетін жағалаудың судан биік бөлігі. 2. Кез келген су қоймасының, ағын судың түсіп шомылуға жайлы, еңісі жалпақ, жаға беткейі. Ағалап бала әкелген арнап мана, Қарамай қара жігіт қармаққа да, Су түбін көк балдырлы, көлеңкелі, Жатырмын ж а ғ а ж а й д а н барлап қана (Ж.Жұматаев, Ләйлә). 3. Теңіз, көл, су қоймасы, бөгет немесе өзен жағалауларында шомылуға, күнге қыздырынуға арнайы жабдықталған орын. Теңіз жағасындағы сан иірім жол, көп ж а ғ а ж а й, гүлзардың қайсысынан шыға келгені белгісіз күтпеген жерден қарсы жолыққан атақты ақынмен оқыс кездескенде аузына сөз түспеді (С.Досанов, Екінші өмір). Қапшағай теңізінің жағасынан жаңа ж а ғ а ж а й л а р жасалынады (Ж.Бейсенбаев, Шоқан ізімен). 4. Тасындылар (бос құм, қиыршық тас жэн ет. б.) қабаты жапқан, толқынның бұзылу зонасы мен ең күшті су ұру сызығы арасында орналасқан суқоймаеңіз, көл, бөген) жағалауының көлбеу жазық пішінді келген бөлігі (Қаз. тілі термин. Су.).