ЖАҒАЛАУ

lat: JAǴALAÝ

зат. 1. Сулы алап жанындағы құрлық жиегі. Олар поселка сыртындағы көлге келді. Ж а ғ а л а у ы ойдым-ойдым қамысты, орталығы жалаңаш дөңгелек көл ай жарығымен жалтырап, мөлдіреп жатыр (М.Иманжанов, Алғашқы.). Жолдың ж а ғ а л а у жағы сай. Сай суының шуы құлаққа еміс-еміс қана естіледі (І.Жансүгіров, Әңгім.). 1940 жылы Азов теңізі ж а ғ а л а у ы арқылы келетін Жібек жолымен Флоренция сәудегері Пегалотти Отырарға келеді (Д.Досжанов, Құм жұтқан.). Албырт, қызу арманынан көз жазбаған бір елі, Ж а ғ а л а у д а сол жас жігіт ат суарып тұр еді (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. т е р м. Құрлық пен су алабының өзара әрекеттестігінен қалыптасқан жербедер пішіндерімен сипатталатын, мұхит (теңіз, көл) жиектеріне жапсарлас созылған белдеу. Кейде ж а ғ а л а у терминімен тек қана сол жағалауға тән құрлық белдеуі аталып жүраз. тілі термин. Геология). 3. ауыс. Әр жақ, түрлі шет. Аласапыран уақыт әркімді әр ж а ғ а л а у ғ а айдап қуған сияқты (О.Сәрсенбаев, Сағым).