Құйылу, ағу, төгілу, саулау, сорғалау, сауылдау, дірдектеу, сигектеу, шүмектеу, себелеу, сүмектеу, парлау

lat: Quıylý, aǵý, tógilý, saýlaý, sorǵalaý, saýyldaý, dirdekteý, sıgekteý, shúmekteý, sebeleý, súmekteý, parlaý sóıl.

Сұйық заттың күшті қарқынмен атылып шығуы, сау-сау етуі. Қанның артерияларға құйылуы тоқтаған кезде қан қысымы тіпті төмендеп кетеді (М. Қайрақбаев). Қан ағуды тоқтату әдістерін білу суға батқан адамға жәрдем көрсетудің түрлі әдістерін үйрету үшін керек («Халық мұғ.»). От жақпай қайнап жатыр азан-қазан. Тасыған суы жерге төгілуде (Е. Бердин). Бункерден саулаған дәнді қаптап, онан арбаға тиеп жанталасып жатыр (Ә. Әбішев). Қамшының ұшы тиген иегінің астынан қан сорғалап қоя берген-ді (И. Есқараев). Баданадай ірі бидайлар апанға сауылдап құйылып жатыр (Б. Майлин). Үйректің тамағынан дірдектеп ағып жатқан қанға көзім түсті (Н. Ғабдуллин). Мұрнынан қан сигектеп, Есі шығып дірдектеп («Манас»). Тұрдым қарап, Шүмектеген жаңбырға (Д. Қанатбаев). Сыртта жаңбыр кешелі бері толассыз себелеп тұр еді (М. Сәрсекеев). Киіз үйдің жыртығынан сүмектеген су кең жайылып барады («Лен. жас»). Бұзау емшекті сорады, сол кезде емшектен сүт парлап ағады («Қымыз»).